Алматыдағы биозертхана: несі шындық, несі фейк?

Посткеңестік елдердегі биозертханалар – ресейлік БАҚ-тағы танымал тақырып.

Мұндай мекемелер жайлы не жазылмады дерсіз:

«Пентагонның биологиялық зертханасы АҚШ қорғаныс министрлігіне тиесілі», «Менингиттің күрт өсуі Алматыдағы аса қауіпті вирустар зертханасынан менингок инфекциясының тарап кетуінен болды», «Лабораторияларда америкалық ғалымдар жұмыс істейдң, олардың дипломатиялық қорғанысы бар», «Зертханаларда вирустар, бактериялар, токсиндер мен қауіпті штамдар жасалады».

Сондай-ақ ресейлік БАҚ Алматыдағы биозертхана биоқару немесе COVID-19 пандемиясын жасау үшін пайдаланылған деп мәлімдеді. ҚЖАҚ-тың «Дезинформацияның Қазақстан қоғамына әсері» зерттеуіне сәйкес, Қазақстандағы респонденттердің 10%-ы солай деп есептейді.

Бірақ бұлардың бәрі миф. Бұларды Алматыдағы биозертхана туралы сенімді ақпараттан қалай айыра аламыз?

Орталық референс-зертхананың ресми сайтында биолабораторияның қызметі туралы толық ақпарат бар. Зертхана туралы жаңалықтарды оқыған соң, оны сайттан тексеруге болады. Фейк хабарды анықтау бойынша басқа да кеңестер:

Алдымен, тақырып пен лидті ғана емес, жаңалықтың бүкіл мәтінін оқыңыз. Кейде ең беделді басылымдардың өзі кликбейт жасап жатады.

Екіншіден, мәтінді эмоционалды тартымдылық тұрғысынан сүзгіден өткізіңіз. Эмоциямен боялған сөздер мен өшпенділік тілі олардың сізді манипуляциялауға тырысатынын көрсетеді. Сапалы журналистика әрқашан бейтарап тілге ұмтылатынын есте сақтаңыз.

Үшіншіден, дереккөздерді талдаңыз, егер ресурс өзін БАҚ ретінде көрсетсе, онда сайтта редакция және байланыстар туралы ақпарат болуы керек. Материалда дереккөзге сілтемелер болмаса, бұл – сізге берілген ақпараттың сенімділігіне күмәндануға негіз.

Төртіншіден, анонимі дереккөздерге үлкен күмәнмен қараңыз. Анонимділік көп жағдайда оқырман алдындағы жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді.

Сонымен қатар, фактчекингтің негізгі дағдыларын меңгеріңіз (фото мен видеоны тексеру, іздеу жүйелері мен әлеуметтік желілерден іздей алу).

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»