5 важных вопросов о вузе, или что спросить в приемной комиссии?

Чек-лист для тех, кто хочет узнать маскимально много о будущем месте обучения.

1. Университет пен оның бағдарламаларының мемлекеттік және халықаралық аккредитациясы бар ма?

Бұл – білім беру бағдарламаларының сапасын растайтын маңызды көрсеткіш. Аккредитацияның болмауы дипломның ел ішінде де, шетелде де мойындалуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Мемлекеттік аккредитация – дипломның елімізде жарамды екенін көрсетсе, халықаралық аккредитация – оны шетелде, мысалы, Еуропада мойындатуға мүмкіндік береді.

Сұрағанда жай ғана «бар» деген жауап жеткіліксіз – нақты қай ұйымдар берген, қай бағдарламалар бойынша және қанша уақытқа берілгенін сұрау қажет. Сонда ғана бұл ақпарат сізге шынайы пайда әкеледі.

2. Оқытушылардың біліктілігі қандай?

Оқытушының кәсіби деңгейі – студент алатын білімнің тереңдігі мен өзектілігіне тікелей әсер етеді. Сабақ беретін мамандардың ғылыми дәрежесі бар ма (PhD, ғылым кандидаттары, докторлар)? Олар кәсіби тәжірибесі бар практиктер ме? Халықаралық тағылымдамадан өткен бе? Ғылыми зерттеулермен, жобалармен айналыса ма?

Егер оқыту тек ескі теориямен шектелсе, ондай білімнің заманауи еңбек нарығында мәні азаяды.

3. Университет кімдермен серіктес – академиялық және салалық әріптестері бар ма?

Жоғары оқу орнының түрлі компаниялармен, ұйымдармен және шетелдік университеттермен серіктестігі бар-жоғын білген жөн. Бұл – студенттер үшін шетелде алмасу бағдарламаларына, өндірістік тәжірибеге және болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Сұраңыз: студенттер тәжірибеден қайда өтеді? Тәжірибе қалай ұйымдастырылған? Төлене ме? Куратор бар ма? Жақсы ұйымдастырылған тәжірибе – теорияны практикамен ұштастырып, болашақ маман ретіндегі алғашқы қадамыңыз болады. Ал керісінше жағдайда – тек уақыт жоғалтасыз.

4. Түлектердің жұмысқа орналасу статистикасы қандай?

ЖОО тиімділігінің басты көрсеткіші – түлектердің еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екендігі. Қай бағытта, қандай лауазымдарда жұмысқа орналасатынын, табысты түлектердің мысалдарын сұрауға болады.

5. Университет оқу үдерісінен бөлек қандай қосымша мүмкіндіктер ұсынады?

Ғылыми-зерттеу орталықтары, жобалық жұмыстар, студенттік ұйымдар, көшбасшылықты дамыту бағдарламалары – осындай бастамалар студенттің жеке және кәсіби дамуына үлкен серпін береді.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»