Paperlab: «Сіздің мектебіңіз қаншалықты ыңғайлы?»

Paperlab зерттеу орталығы «Сапалы білімнің қолжетімділігіндегі теңсіздік Индексі» әдістемесінің негізінде Калькулятор әзірледі. Ол Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан мен Тәжікстандағы мектептердің жағдайына баға беру мүмкіндігін береді. Калькулятор 5 доменнен тұрады:

  1. Мектеп жүктемесі (100 ұпай)

  2. Негізгі жағдай мен ғимараттың жай-күйі (100 ұпай)

  3. Білім беру ортасы (100 ұпай)

  4. Қызметкерлер құрамы (100 ұпай)

  5. Инклюзивті орта (100 ұпай)

Арнайы кестеде белгілі бір мектепті ұпайына қарай қандай топқа жататыны көрсетілген. «Оңтайлы мектеп» А тобы – үздік (402+), В тобы – орташадан жоғары (373-401), С тобы – орташа (337-372), D тобы – орташадан төмен (303-336), Е тобы – нашар (302-ге дейін). 

Сіз де өз өңіріңіздегі білім беру мекемесінің қаншалықты «Оңтайлы мектеп» қатарына жақын екенін біле аласыз. Калькулятор сұрақтарға жауап беру арқылы мектебіңіздің жоғарыда көрсетілген қай топқа жататынын біліңіз.

Зерттеудің маңызы неде?

БҰҰ-ның «Тұрақты дамудың төртінші мақсаты (ТДМ 4)» барлығын бірдей, әділ, сапалы, өмір бойғы біліммен қамтамасыз етуді көздейді. Орталық Азия мемлекеттерінде балаларды орта біліммен қамту жоғары деңгейде болғанымен, әділдік пен білім сапасы жөніндегі мәселе ашық күйінде қалып отыр.

Жобаның жетекші-зерттеушісі Камила Ковязина ресми деректер бойынша тиісті министрлікке өтініш жолдағанын және деректерді алу оңайға түспегенін жеткізді:

«Ата-аналар калькуляторды қолдана отырып, Қазақстан мектептерінде мұндай қарапайым, базалық жағдайдың да жасалмағанын түсінеді деген үміттеміз. Бұл өте өкінішті және мұны өзгерту қажет».   

Сапалы білімнің қолжетімділігіндегі теңсіздік Индексі

Калькулятор – Paperlab «Орта Азия мемлекеттеріндегі білім беру теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені өлшеуден, саясаттың өзгеруіне дейін» зерттеуінің екінші циклінің өнімі. Бірінші цикл 2020 жылы өткен, оның өнімінің бірі сапалы орта білім алудағы қолжетімділік теңсіздігінің Индексі болды.

2021–2023 жылдар аралығында Paperlab білім беру саласына ресурстарды бөлу кезіндегі теңсіздіктерді зерттеді. Ол үшін Орталық Қазақстан мен Қырғызстаннан 400 мектеп іріктеліп, олардың жағдайына баға берілді. Мекемелердің сапасын бағалау үшін оңтайлы оқу орнын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер Индексі қолданылды. Бұл арқылы 10% ең жоғары және 10% ең төмен деңгейдегі мектептер арасындағы теңсіздіктің тереңдігін өлшеу мүмкін болды. Индекс арқылы белгілі бір оқу орнының оңтайлы мектеп моделіне жақындау деңгейін өлшейді. 

Ол неге өзекті?

- Қазақстанда жоғары білімі бар мұғалімдер орта есеппен 90,7%, базалық формуламен есептегенде 100 баллдың 73,9-ын құраған. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысы (96,4 балл) мен Шымкент қаласы (100,0 балл). Біліктілік бойынша ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысы (33,8 балл), БҚО (52,2 балл), Ақтөбе облысы (54,8 балл) өңірлерінде болған.

- Республика бойынша білім беру саласы мен аймақтық орташа жалақы теңдігі 67,5%-ды құрайды. Базалық есептеу формуласы бойынша 100-ден 43,1 баллды көрсеткен. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысы (101,8%). Аталған облыста білім беру саласының орташа жалақы мөлшері аймақтық орташа жалақыдан жоғары. Ал, ең төмен көрсеткіш Атырау облысы (35,9%), Маңғыстау облысы (42,9%), сондай-ақ Астана қаласында (47,3%) болды.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»