Қазақстанда діни төзімділік қалай көрініс табады?

Елдегі діни төзімділік пен оны нығайтуға бағытталған мемлекеттік бастамалар туралы осы мақалада баяндаймыз.

Ғасырлар бойы Қазақстан аумағы үш әлемдік діннің – буддизмнің, христиандықтың және исламның тоғысқан жері болды. Олардың ұзақ уақыт бір географиялық кеңістікте қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттесуі осы жерде өмір сүріп жатқан 124 ұлт өкілдерінің мәдени дамуына ерекше із қалдырды. Бүгінгі таңда, Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен, халықтың көпшілігі өз этносына байланысты діни дәстүрлерге адалдығын сақтап келеді. Елдегі діни төзімділік пен оны нығайтуға бағытталған мемлекеттік бастамалар туралы осы мақалада баяндаймыз.

Діни төзімділік: түсінігі және түрлері


Толеранттылық –  айырмашылықты, өзгешелікті және ерекшелікті мойындау. Бұл басқа көзқарастардағы, сенімдегі немесе әрекеттегі адамдардың таңдау құқығын құрметтеуді, қақтығыстарды өзара диалог пен келісім арқылы шешуді білдіреді. 


Діни төзімділік толеранттылықтың социологиядағы бір түрі болып табылады. Ол діни немесе конфессиялық топтардың өзге сенім өкілдеріне құрметпен қарауын білдіреді. Бұл әр адамның өз діни сенімдерін ұстануға құқығын мойындап, басқа адамдардың да өз көзқарастарын ұстану құқығын құрметтеуді қамтиды

Діни төзімділіктің 4 түрі бар: 

1

әртүрлі дін өкілдері арасындағы құрмет көрсету, мысалы, мұсылмандар мен христиандар арасындағы қарым-қатынас,

2

бір діннің ішіндегі конфессиялар арасындағы төзімділік, мысалы, католиктер мен протестанттар арасындағы қарым-қатынас,

3

сектанттық қозғалыстарға деген түсіністік,

4

Құдайға сенушілер мен атеистер арасындағы өзара құрмет.

Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. 2021 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша:

Мұсылмандар ел халқының 69,31%-ын құрайды,
Христиандар – 17,19%,
Атеистер – 2,25%.

Круговая диаграмма

Сонымен қатар, елде еврейлер, бахаи дінін ұстанушылар, Кришна санасы халықаралық қоғамының мүшелері, буддистер және сайентологтар сияқты басқа да діни топтар бар. Қазақстанда 18 конфессияны білдіретін 3980 діни бірлестік ресми түрде тіркелген, ал ғибадат ету үшін 3777 орын жұмыс істейді.

Діни төзімділікке қатысты мемлекеттік саясат

Ел Конституциясы конфессияаралық келісімді қорғауды (39-бап, 2-тармақ) және ар-ождан бостандығын (22-бап) кепілдейді. Бұл әр адамның кез келген дінді ұстануға немесе ешбір дінді ұстанбауға құқығын растайды. 

Оған қоса, 2011 жылы Қазақстанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Осы заң бойынша тек тіркелген діни бірлестіктер ғана тіркелген ғибадат орындарынан тыс жерде діни іс-шаралар өткізуге рұқсат сұрай алады. Тіркелмеген діндер Қазақстанда «секта» немесе «деструктивті діни ағымдар» деген кемсітушілік атауларымен аталады. Олардың бейбіт болуы мүмкіндігіне қарамастан, бұл терминдерді Қазақстан билігі бірнеше жылдан бері қолданып келеді. Олар көбінесе мемлекет қолдайтын ислам мен христиан діндерінің бағытына «сәйкес келмейтін» ағымдарды білдіреді.


Осы заңға сәйкес ханафи мазхабындағы сунниттік ислам мен православ христиан дінінің біздің мемлекетіміз үшін тарихи маңызы ерекше атап өтілген. Тек 2 негізгі діннің мерекелері ғана ресми күнтізбеге енгізілген. Мысалы, 2025 жылы Рождество (7 қаңтар) мен Құрбан айт (6 маусым) ресми демалыс күндері болып белгіленген. Көршілес зайырлы Өзбекстанмен салыстырғанда, Рождество демалыс күні болып саналмайды. Алайда, Рамазан мен Құрбан айт күндері мемлекеттік күнтізбеде ресми мереке ретінде белгіленіп, демалыс күндері болып табылады. Дегенмен, Қазақстанда католик, суфистік, буддистік және басқа да діни топтардың мерекелері ресми демалыс күндері ретінде қарастыралмайды. 

Діни топтарды кемсітудің тәсілдері


Діндер туралы деректер қауымдастығының (ARDA) мәліметтері бойынша, Қазақстанның діндерді мемлекеттік қадағалау индексі 7,1-ді құрайды (0 - ең төмен, 10 - ең жоғары деңгей). Құқық қорғаушы мен журналист Сергей Дувановтың Азаттық медиасына берген сұхбатында айтуы бойынша, мемлекеттік бақылау бір жағынан діни экстремизмге қарсы күрес «штабы» ретінде қызмет етеді, ал екінші жағынан, батыстық үлгідегі еркін ойлауға қарсы әрекет етеді. 

«Демократия мен адам құқықтары қазіргі саяси режим үшін «қатер» табылады», – деп атап өтті ол.

Халықаралық діни бостандық жөніндегі Америкалық комиссияның (USCIRF) 2024 жылғы есебіне сәйкес, 2023 жылы осындай әрекеттер үшін 160-тан астам әкімшілік айыппұл салынған, ал 2024 жылы 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың 10-ы құқық қорғау органдары мен Дін істері басқармаларымен ӘҚБтК-нің 453 және 489-баптары бойынша тіркелген.

Мысалы, ақпан айында Қордай аудандық соты кафе иесін тіркелмеген намазхана ашқаны үшін 50 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) тең айыппұл салды. Исламның қасиетті Рамазан айында Шымкент қалалық соты тағы бір адамды тіркелмеген мешітте тарауих намазын өткізгені үшін 50 АЕК айыппұл салды. Бұл орташа айлық жалақыға тең – 172 500 теңге.

Сонымен қатар, адамдар діни әдебиеттерді мемлекеттік рұқсатсыз импорттауға және таратуға тырысқаны үшін де жазаланды. Наурыз айында Түркістан әуежайында 77 діни кітапты елге әкелмек болған жолаушыға айыппұл салынды. Шілде айында шығыс Қазақстандағы кафеде діни материалдар таратқаны үшін Иегова куәгеріне айыппұл салынды.

«Дәстүрлі емес» діни топтарға қойылған шектеулер

Халықаралық діни бостандық жөніндегі Америкалық комиссияның (USCIRF) 2021 жылғы мақаласына сәйкес, Қазақстанда ханафи мазхабындағы суннизм және басқа да «дәстүрлі» діндер қатарына кірмейтін діни топтар шектеулер мен қудалауға ұшырауда. Бұған исламның басқа бағыттарын ұстанатын мұсылмандар, протестанттар, Иегова куәгерлері, Кришна санасы қоғамы және басқа да топтар кіреді. Айта кетсек, осы діни топтар әлемдік қауымдастықта да, Қазақстанда да «Аль-Каида», «Ислам мемлекеті», «Джебхат ан-Нусра» сияқты деструктивті ұйымдар ретінде танылмаған.

ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) тіркелген мұсылман топтарының қызметін, соның ішінде имамдарды тағайындау, мешіттердің табыстарын жинауды бақылайды. Тіркелген мешіттер өз табысының 30%-ын ҚМДБ-ға аударуға міндетті, ал мүлікпен жасалатын кез келген әрекеттерді (сату, жақсарту немесе беру) басқармамен келісілген болуы тиіс. Бұл қауымдардың қаржылық дербестігінің жоқтығына және басқарудың тым орталықтандырылғандығына байланысты сынға ұшырайды.

2021 жылы билік тіркелмеген ғибадаттарды өткізу, діни әдебиеттерді тарату және басқа «бұзушылықтар» үшін діни топтардың мүшелеріне қарсы 90 әкімшілік іс қозғады. Мысалы, Қордайда үш этникалық дүнген Құранды оқытқаны және Оралда баптистер ғибаддатраға қатысқаны үшін 291,700 теңге мен 140,546 теңге көлемінде айыппұлға ұшырады.

Сонымен қатар, БАҚ пен қоғам «дәстүрлі емес» діни топтарға қарсы кемсітуді күшейтуде. Мысалы, құқық қорғаушы Евгений Жовтистің Cabar.Asia медиасына берген сұхбатында мемлекеттің дінге деген қатынасын «қолайсыз, қауіп төндіретін және бақылауды қажет ететін» деп сипаттап, осы факторды Иеговистерге қатысты стигма қалыптасуына себептердің бірі ретінде атайды.

Олардың қызметіне қатысты 2017-2024 жылдары көптеген жағымсыз ақпарат таралды: «Тыңдамағаны үшін анафемаға ұшырайды – бұрынғы Иегова куәгерінің оқиғасы», «Ресейде тыйым салынғаннан кейін «Иегова куәгерлері» Қазақстанда белсенділіктерін арттырды», «Қазақстандағы Иегова куәгерлерінің ең қорқынышты әрекеттері», «Алматыдағы Иегова куәгерлері педофилияға күдіктелуде».

Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен және әрбір азаматтың діни сенім бостандығына «нейтралитет» ұстанымын сақтау қажет болса да, құқық сақтау тәжірибесінде бұл толық қамтамасыз етілмейді. Ал сіздің ойыңызша Қазақстанда әртүрлі діндер тең құқыққа ие ме? 

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»