Журналистерге арналған қандай тегін тағылымдамалар бар?
Журналистердің қызметі үнемі жаңа трендтер мен икемдерді желдіріп, заманға сай дамуды қажет етеді. Сондықтан журналистер үшін тағылымдаманың маңызы зор. Youth.kz журналистерге арналған тегін тағылымдамаларды ұсынады.
Қазақстандық жастар құқық қорғау ұйымдары мен тәуелсіз медиада тағылымдамадан өте алады
Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі азаматтық қоғам саласына қызығушылық танытатын жастарға арналған тағылымдама бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдайды. Жоба аясында қатысушылар құқық қорғау ұйымдарында, тәуелсіз медиада және әлеуметтік жауапты бизнес компанияларда тәжірибе жинақтай алады.
Бағдарлама барысында жастар журналистер мен құқық қорғаушылардың күнделікті жұмысында кездесетін нақты міндеттерді орындап, ұйымдардың ішкі қызметімен танысады. Бұл азаматтық қоғам институттарының жұмысын тереңірек түсінуге және кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Тағылымдамаға Қазақстанның 18-35 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады. Үміткерлердің қазақ және/немесе орыс тілдерін меңгеруі және азаматтық қоғам саласында еңбек етуге қызығушылық танытуы қажет.
Іріктеу екі кезең бойынша жүргізіледі. Алдымен қатысушылардың өтінімдері конкурс талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады. Кейін үміткерлермен сұхбат өткізіліп, анкетада көрсетілген мәліметтер нақтыланады.
Қатысушылар өздері таңдаған ұйымдарда бір аптадан төрт аптаға дейін тағылымдамадан өтеді. Жұмыс форматы ұйымның ерекшелігіне қарай кеңседе, аралас немесе қашықтан ұйымдастырылуы мүмкін. Әр тағылымдамашыға жеке жетекші бекітіліп, нақты жұмыс тапсырмалары ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тағылымдамадан өткен жастарды кейін серіктес ұйымдардың штаттық қызметкері ретінде қарастыру мүмкіндігі бар. Алайда жұмысқа қабылдануға кепілдік берілмейді. Сондықтан қатысушылардан кәсіби біліктілік пен жауапкершілік таныту талап етіледі.
Жоба тәжірибесі көрсеткендей, кейбір түлектер кейін серіктес ұйымдарға жұмысқа орналасса, енді бірі жаңа бос орындар ашылғанға дейін ерікті немесе тағылымдамашы ретінде қызметін жалғастырады.
Бағдарлама 2026 жылғы 15 сәуір мен 15 желтоқсан аралығында екі кезеңде өтеді: көктем-жаз маусымы (сәуір–шілде) және күз-қыс маусымы (қыркүйек–желтоқсан).
Журналистер "Болашақ" бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады
Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасындағы ақпаратқа сәйкес, журналистер де "Болашақ" бағдарламасы арқылы тегін тағылымдамадан өте алады.
Тағылымдамадан өту үшін үміткерлер келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- тағылымдаманы қабылдайтын шетелдік ұйымнан (қаржылық шарттарды қоспағанда) оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат;
- жалпы жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында үзіліссіз соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілінің болуы;
- мемлекеттік және шетел тілдерін меңгергенін растайтын, белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін сертификаттың болуы.
Тағылымдамаға құжаттарды қабылдау 16 наурызда басталды, оларға өтінімдер 2026 жылғы 30 қазанға дейін қабылданады.
Тағылымдамадан өту бағдарламасы үшін бекітілген құжаттар тізімі бар. Құжаттар Egov.kz электрондық порталы арқылы беріледі. Журналистер Еуропа мен ТМД елдеріне тағылымдамадан өтуге жіберіледі.
Журналистер тағы қай жерде тегін тағылымдамадан өте алады
Журналистер тегін тағылымдамадан өтетін орындар көбіне халықаралық медиа ұйымдарда, ірі жаңалық агенттіктерінде және қоғамдық қорлар мен оқу бағдарламаларында болады.
Мысалы, BBC Academy бағдарламалары журналистика, тележаңалық және медиа өндіріс бойынша оқыту мен тәжірибе ұсынады:
Deutsche Welle (DW) ұйымының DW Akademie және журналистік тағылымдамалары арқылы жас мамандарға медиа саласында тәжірибе жинауға мүмкіндік беріледі:
Al Jazeera Media Network редакциясында да халықаралық тағылымдама және оқу бағдарламалары бар.
Сондай-ақ Reuters агенттігі мен Thomson Reuters Foundation ұйымы журналистикаға арналған тәжірибелік бағдарламалар мен fellowship мүмкіндіктерін ұсынады:
Ал UNESCO ұйымы медиасауаттылық, журналистика этикасы және кәсіби даму бағытында оқу бағдарламаларын жүргізеді:
Осы ұйымдардан бөлек, кейбір халықаралық платформалар мен қорлар (мысалы, Google News Initiative, ICFJ сияқты) да журналистерге арналған тегін оқыту мен тағылымдама мүмкіндіктерін жариялап отырады.